Accessibility links

Бүгін Жәкішев ісі бойынша сот үкімі шығарылады


«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның күзетшісі Талғат Қыстаубаев ісі бойынша сот үкімі бүгін сағат 15-те шығарылады. Бұл туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев хабарлады.

Бейсекеевтің айтуынша, үкім шығару уақыты 15-ші наурыздан 12-ші наурызға ауыстырылды.

Астанасы қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында сейсенбі күні тараптардың жарыссөздері аяқталды. Прокурор Жәкішевке 14 жыл, Қыстаубаевқа 6 жыл түрме жазасын беруді сұрады. Айыпталушылардың адвокаттары бұл істің қылмыстық құрамы жоқ деп мәлімдеді.

Жәкішевке Венада «Қазатомпром» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапқан, астыртын касса ұстаған, күзетшісі Қыстаубаевқа екінші еңбекақы төлеп келген деген айыптар тағылғандығы хабарланған еді.

«Қазатомпром» ісі бойынша сот процесі 2009 жылы 22 желтоқсанда басталды. Істегі екі айыпталушы – Жәкішев пен Қыстаубаев 2009 жылы мамырда ұсталғалы бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG