Accessibility links

Назарбаев өзінің 70 жылдығын тойлағандарды жазалайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуді қаламайтындығын, ал оған дайындалғандарды жұмыстан шығаратындығын мәлімдеді.

20 жылдан астам уақыт Қазақстанды басқарып келе жатқан Назарбаев осы жылы 6-шы маусымда 70 жасқа толады. Бұл күні Қазақстанда ресми мереке - Астана күні атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында шаруа отбасында дүниеге келді.
XS
SM
MD
LG