Accessibility links

Түркия Швецияға нарызылық танытты


Түркия сыртқы істер министрлігі Швеция парламентінің Осман империясы кезіндегі армяндардың өлтірілуін "геноцид" деп мойындауына байланысты наразылық таныту үшін Швеция елшісін шақырып алды. Швеция елшісі Кристер Асптың мәлімдеуінше, Стокгольм тарих тарихшыларға қалдырылуы тиіс деп сенеді. Асп Швеция мен Түркияның "мықты, достық" қарым-қатынастарын сақтауға уәде етті.

Бейсенбі күні Швеция парламенті Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп мойындау туралы қарарды мақұлдады. Түркия мұны жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG