Accessibility links

Қызыл-ағаштағы су тасқынынан құрбан болғандар саны 35-ке жетті


Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан қаза тапқандар 35-ке жетті. Бұл аймақта жаңбыр мен қардың еруі салдарынан бөген бұзылып, 3 мың халқы бар ауылды су басып қалған.

Бұл аймақтағы су тасқынынан зардап шеккендердің бір бөлігі Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерге көшіріледі. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі жасап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың айтуынша, қазіргі уақытта ол бағдарлама бойынша Ақмола облысында 80 пәтер салынып дайын тұр.

Сонымен қатар сенбі күні Қазақстан президенті бұл Қызыл-ағаш ауылындағы адамдар өліміне байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырды. Назарбаев 16-шы наурызға дейін төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтауды бұйырған.
XS
SM
MD
LG