Accessibility links

Таиландта үкіметке қарсы жаппай шерулер өтуде


Таиландтың бұрынғы үкімет басшысы Таксин Чинаватраның әр аймақтағы мыңдаған қолдаушылары ел астанасы Бангкокқа қарай ағылған. Олар шерулерінің мақсаты – қазіргі үкіметтің орнынан кетуін талап етіп, өздері қолдайтын Чинаватраны билікке әкелу екенін айтады.

Бангкок көшелерін 50 мыңдай полиция мен қауіпсіздік күштері күзетіп, тәртіпсіздіктерге қарсы тұрмақшы. Таксин Чинаватра 2006 жылы биліктен кетірілген. Қазір ол Біріккен Араб әмірліктерінде эмиграцияда тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG