Accessibility links

Еуро комиссия Грекия бойынша келісім жасалмады деді


Бүгін Еуропалық комиссия еуро зонадағы елдер қарыз дағдарысына тап болған Грекияға қаржылай қолдау таныту бойынша бір келісімге келе алмады деді.

Бұл туралы Еуро комиссияның өкілі Джонатан Тодд Брюселде журналистерге айтып, егер қажет болса комиссия әрекет етуге дайын, бірақ қазір келісімнің техникалық жұмыстары жалғасып жатқандықтан, ол аяқталмады деді. Оның бұл мәлімдемесі ақпарат құралдарында, егер Афины көмек сұраса, еуро зона мүшелері өзара үлестерін қосып, несие бермекші деген сөздерден кейін айтылып отыр.

Ғаламдық экономикалық дағдарыс салдарынан Грекия үкіметі қарыз проблемасын шеше алмай отыр.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG