Accessibility links

ЕуроОдақ Израилді Палестинамен келіссөздер өткізуге шақырды


Еуропа Одағы Израилді тезарада палестиналықтармен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға шақырып отыр. ЕуроОдақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон бізге келісілген бейбіт қоныстанулар қажет, ол тезірек болуы керек деді.

Эштон бұл туралы Финляндиядағы Еуропа Одағының министрлер кеңесінде мәлімдеді. Оның бұл мәлімдемесі Израиль басып алынған шығыс Иерусалимде жаңадан еврей қоныстарын тұрғызуды мақұлдағаны үшін халықаралық айыптауларға тап болып отырған тұста айтылды.

Таяу шығыс бейбіт келіссөздерінің төрттігі - Құрама Штаттар, БҰҰ, Ресей және Еуропа Одағы палестиндіктер немесе израилдіктердің мұндай біржақты қадамдары бейбіт келіссөздерді нәтижеге әкелмейді деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхуге оның үкіметі бейбіт келіссөздерге қарсы "өте кері қадам" жасап отыр деді. Израиль сейсенбі күні Иерусалимнің шығысында 1,600 үй тұрғызу мақұлданғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG