Accessibility links

Бангкокте үкіметке қарсы шерулерге 100 мыңдай адам жиналды


Таиландтың әр аймағынан ел астанасы Бангкокқа жиналған онмыңдаған шеруші жексенбі күні үкіметті 24 сағаттың ішінде биліктен кетіп, жаңадан сайлаулар өткізуге шақырды.

Диктаторлыққа қарсы демократия үшін біріккен майданының 100 мыңдай адамы орталыққа жиналып, қазіргі премьер-министр Абхисит Вежажива үкіметін құлатуды мақсат еткен.

Қызыл жейде кигендер бұрынғы премьер-министр Таксин Шинаватраны қолдап шықты. Шинаватра 2006 жылы төңкеріспен биліктен кетірілген. Ол қазір Дубайда тұрады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG