Accessibility links

Ресейдің аймақтық сайлауы Медведев үшін сынақ болады


Бүгін Ресейде аймақтық сайлаулар өтуде. Ресейдің 110 миллион халқының 32 миллионы дауыс беруге құқылы. Бұл сайлаулар президент Медведевтің төрт жылдық президенттік мерзімінің ортасында оның берген уәделерінің орындалу барысын көрсетеді. Ол бұрынғы президент Владимир Путин кезінде қалыптасқан саяси жүйеге қатаң бақылауды азайтуға сөз берген.

Парламенттік дауыс берулер Ресейдің Алтай республикасында, Хабаровск өлкесінде, Воронеж, Калуж, Курган, Рязань және Свердловск облыстары мен Ямало автономиялық округінде өтеді.

Ал, Иркутск, Краснодар және Омбы қалаларында қала басшылығына сайлаулар болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG