Accessibility links

Финляндия: ЕуроОдақ Иранға қарсы санкцияда бір мәмілеге келеді


Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стабб егер БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің қарары қабылданбай жатса, Еуропа Одағы Теһранның ядролық бағдарламасына байланысты Иранға біржақты санкциялар салуға келіседі деді.
Стабб Иранға жаңа санкциялар енгізетін БҰҰ қарарын қолдап дауыс беруге Қытай мен Ресейді көндіре аламыз деген үмітін білдірді. Егер ол қадамдар сәтсіз болып жатса, онда Еуропа Одағы біржақты санкциялар енгізуі керек болады деген Финляндия сыртқы істер министрі.

Стабб бұл туралы Финляндияда өткен Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерінің жиыны аясында айтты. Ол наурыздың 22-сіндегі министрлер кездесуінде тағы бұл мәселе талқыланатын болады деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG