Accessibility links

Қытай юанды өсіруге сырттай қысым жасау пайда әкелмейді деді


Қытайдың премьер-министрі Уен Джиабао елдің ұлттық валютасы юанды тұрақты ұстайтындықтарын айтып, оның құнын өсіруге тырысқан сыртқы қысымдардан еш пайда болмайды деді.

"Өз ұлттық валютаңды құнсыздандыру мен экспортты ұлғайту мақсатында оны басқаларға бағалатуға тырысу менің пікірімше протекционизм" -деді Қытай үкімет басшысы.

Ол бұл пікірін Қытай парламентінің жылдық отырысына арналған конференцияда айтты.

АҚШ-тың көптеген депутаттары Қытай өз валютасын 40 пайызға қолдан төмендетіп ұстап отыр деп шағымданып келген. Құрама Штаттар президенті Барак Обама Қытай үшін көбірек нарықтық айырбас бағамына көшуі маңызды қадам болады деген.
XS
SM
MD
LG