Accessibility links

Пәкістанның әуе соққысынан 9 талибандық жауынгер өлтірілді


Жексенбі күні Пәкістанның соғыс ұшағы Ауғанстанмен шекаралас аймаққа әуе соққысын беріп, одан кемінде 9 адам өлтірілді. Олар талибан бүлікшісі деп күдіктелгендер дейді ресмилер.

Оракзай тайпалы аймағының жергілікті үкімет өкілі Рашид Ханның айтуынша, талибан қолбасшысы Аслам Фаруқидің үйіне әуеден бомба тасталған. Бірақ одан талибан қолбасшысы да қаза тапты ма ол жағы белгісіз болып отыр.

Бұл әуе шабуылы өткен аптада Пәкістанда әскерлер мен полиция қызметкерлерінің өмірін қиған бірнеше жанкештілік шабуылдардан кейін болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG