Accessibility links

Барак Обама кеңесшісі Израильді сынға алды


АҚШ президенті Барак Обаманың кеңесшісі Дэвид Аксельрод Израильдің Шығыс Иерусалимде 1600 үйлік жаңа еврей ауданын салу туралы шешімін сынады.

Аксельрод бұл шешімді АҚШ үшін «кеміту» деп атады. Жаңа ауданның құрылысы туралы американдық вице-президент Джо Байденнің Таяу Шығысқа сапары барысында белгілі болған еді. Обама кеңесшісінің пікірінше, израильдік биліктің іс-әрекеті бейбіт процеске кедергі келтіреді.

Палестина Израильмен арадағы бейбіт келіссөздерден бас тартуы мүмкіндігін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл құрылыс туралы ақпарат неге АҚШ вице-президентінің сапары барысында жарияланғандығын зерттеуді тапсырды.
XS
SM
MD
LG