Accessibility links

Таиланд премьері отставка туралы талаптарды қабылдамады


Таиланд премьер-министрі Абсихит Ветчачива оппозицияның отставкаға кетіп, кезектен тыс сайлау жариялау туралы талабын қабылдамай тастады.

Мыңдаған оппозицияшыл кеше кешкісін премьер-министрді Банкгкоктегі әскери бөлімдердің бірінде қоршауға алған еді. Алайда Ветчачива казармадан тікұшақ арқылы ұшып шықты.

Бангкоктың орталық көшелерін шерушілер жауып тастады. Қалада тәртіп орнату үшін 50 мың сарбаз бен полиция қызметкері жұмылдырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG