Accessibility links

Қызылағаштық 95 отбасы үйлеріне қайта оралды деп хабарлайды Алматы облыстық әкімшілігі


Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан қираған үйлеріне оралуда. Бұл туралы облыстық әкмішілік баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметі бұл жайында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің «бүгінгі таңда Қызылағаш ауылына 95 отбасы қайта оралды. Олардың барлығы өмір сүруге қажетті көмір, газ баллондарымен, ішетін сумен қамтамасыз етілген. Одан өзге ауылға қайтқан тұрғындарды қайта жөндеу жұмыстарына ақылы жұмылдыру туралы тапсырма берілді. Бұл аймақтағы әлеуметтік шиеленістің қалыптасу мүмкіндігін азайтады», - деген сөзін келтірген.
XS
SM
MD
LG