Accessibility links

Шығыс Қазақстанда тікұшақтың апатқа ұшырауының алдын ала себептері анықталды


Алдын ала жасалған болжам бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Ми-8 ұшағының апатқа ұшырауына қолайсыз ауа райы себеп болған. Бұл туралы сейсенбі күні көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек хабарлаған.

Оның айтуынша, алдағы 10 күн ішінде үкіметтік комиссия оқиғаның негізгі себептерін анықтауы тиіс.

«Тікұшақтың құлаған жерінде әзірге қара жәшіктер табылмады», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Тікұшақта қаза болған 8 адамның отбасына 1 миллион теңге бөлінгені хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG