Accessibility links

Чилиде тағы да жер сілкінді


Дүйсенбі күні Чилиде күші 6,7 балдық кезекті қатты жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, зілзала кіндігі Чили елордасының оңтүстігіне қарай шамамен 350 шақырымдай қашықтықта тіркелген. Соған қарамастан, жерасты дүмпулері Сантьягода сезілген.

Жер сілкінісінің ошағы 34 шақырымдай тереңдікте болған. Құрбан болғандар мен мен қираулар туралы әзірге ешқандай дерек жоқ.

Чилиде ақпан айының аяғында болған күші 8,9 балдық жер сілкінісінің салдарынан, түрлі мәліметтер бойынша, 500 бен 800-дің аралығында адам көз жұмған. Әлі де жүздеген адам із-түзссіз жоғалғандар санатында.

Зілзаладан келген шығынды ел үкіметі 30 миллиард долларға бағалап отыр, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 10-15 пайызына тең.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG