Accessibility links

«Руханият» партиясының жетекшісі ауысты


«Руханият» партиясына жетекшілікке сауда –өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Серікжан Мәмбетәлин келді. Бұл туралы сейсенбі күні партияның кезекті жетінші съезінде хабарланды.

«Мен бұл туралы көп ойланып, партияның тізгінін жастарға беру туралы шешім қабылдадым. Сондықтан партияның төрағасы етіп Серікжан Мәмбетәлин тағайындалды», - деді партияның бұрынғы жетекшісі Алтыншаш Жағанова.

Өз кезегінде Серікжан Мәмбетәлин Алтыншаш Жағанованың орынанан кетуі айтарлықтай жағдай екендігін айтады.

«Батыс демократиясы үшін партия жетекшілерінің ауысуы қалыпты жағдай болып саналса, Қазақстанда бұл елеулі оқиға. Сондықтан мен Алтыншаш Жағановаға осы саяси шешімі үшін алғыс айтамын», - деді Серікжан Мәмбетәлин.

Оның сөзінше, бұдан былай Алтыншаш Жағанова партияның құрметті мүшесі болмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG