Accessibility links

Әблязов Мұхтар Жәкішев пен Талғат Қыстаубаевты қолдап хат жолдады


Шетелде қуғында жүрген БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов өткен аптада 14 жылға түрмеге жабылған Қазатомпром компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа қолдау білдірген хат жолдады. Онда Әблязов өзінің аттас досы болған Мұхтар мен оның көмекшісі Талғатты жігерлі болуға шақырған.

Бұрынғы банкирдің хатында, сот сіздерге заңсыз, әділетсіз саяси үкім шығарды, біз бәріміз сіздердің қамауда қалай қиналып, азапталғандарыңызды естіп-біліп отырмыз. Жәкішевке дәрігерлік көмек көрсетуден бас тартып, қоғамнан оқшауландырып, арнайы қызметтің адвокаттарын тықпалау арқылы сіздерге қандай қысым жасалғаны бәрімізге мәлім делінген Әблязовтың хатында.

Ол түрмеге жабылған Мұхтар мен Талғатқа ерік-жігерлі болыңыздар, біз мүмкіндігінше тезірек сіздерді еркіндікке шығаруға күш саламыз. Қазіргі билікті уақыты өтті, енді оны биліктен кетіру үшін бәрін жасаймыз делінген Мұхтар Әблязовтың қолдау танытқан жолдауында.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG