Accessibility links

АҚШ өкілі Израилге қатысты Таяу Шығысқа сапарын кейінге қалдырды


Құрама Штаттардың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчель Израилмен дипломатиялық дағдарыс болып отырған тұста бұл аймаққа сапарын кейінге қалдырды.

АҚШ пен Израиль арасындағы шиеленісті жағдай өткен аптада АҚШ вице-президентінің бейбіт процесті жандандыру үшін бұл аймаққа барған сапары кезінде Израилдің Шығыс Иерусалимде еврейлер үшін 1,600 үй тұрғызуды жариялаған соң қалыптасты. Пәкістандықтар Шығыс Иерусалимді өздерінің болашақ астанасы етуді қалап отырғандықтан, АҚШ арағайындығымен болатын бейбіт келіссөздерге бұл хабарлама кері салдарын тигізіп отыр.

АҚШ ресмилері Израилдің бұл шешімін сынап, даулы жобасын тоқтатуға шақырған. Бірақ сейсенбі күні Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Вашингтонның бұл талабы орынсыз деді. Премьер-министр Биньямин Нетаняху бұл шешімі туралы АҚШ вице-президенті Джо Байденннің сапары кезінде жарияланғаны үшін кешірім сұрағанымен, құрылыстың тоқтамайтынын айтқан.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG