Accessibility links

Карзай мен Обама талибанмен келіссөз өткізу жайлы сөйлесті


Ауғанстан үкіметі хабарлағандай, президент Хамид Карзай дүйсенбі күні кешкісін АҚШ президенті Барак Обамамен видео конференция арқылы талибандармен бейбіт келіссөздер өткізу мәселесін талқылады.

Үкіметтің мәлімдемесінде, екі елдің жетекшісі де келіссөздер мәселесінде Ауғанстан мен халықаралық қауымдастық бірдей ұстанымда болуы керек деген. Обама мен Карзай сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық, Ауғанстанда жемқорлыққа қарсы шаралар жүргізу және бұл елде қыркүйек айында өтетін парламенттік сайлауды ашық әрі әділ өткізу мәселелерін сөз еткен.

Өз кезегінде президент Карзай ауғандықтар өз аймағының басқа бір ел үшін соғыс алаңына айналғанын қаламайды деген. Онда Ауғанстан президенті Үндістан мен Пәкістан немесе АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті жағдайларды айтқан болуы мүмкін.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG