Accessibility links

«Өзенмұнайгаз» директоры Бақытқали Бисекенов орнынан алынды


«ҚазМұнайГаздың» Барлау өндіру АҚ-ның еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Бақытқали Бисекенов қызметінен алынды.

Өткен жылы ғана осы қызметке келген Бисекеновтың орнынан кетуін ереуілшілер талап еткен. Жаңаөзендегі ереуіл 1-ші наурыздан бері жалғасып келеді. Дүйсенбі күні ереуілшілерге қаладағы әлеуметтік наразы топ та келіп қосылған.

Мұнайшылардың жаппай жұмысқа шығудан бас тартуына жаңадан енгізілген еңбекақы жүйесі туралы хабарламалар себеп болды. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының соты жұмысшылардың наразылық шарасын заңсыз деп тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG