Accessibility links

Қырғыз полициясы тәуелсіз басылымды тәркіледі


Қырғызстанның тәуелсіз басылымының редакторы Рахматулла Ахмедовтің хабарлауынша, Бішкек полициясы дүйсенбі күні кешкісін басылымның жаңа нөмірін тәркілеп алған.

"Форумның" бас сарашысы Ахмедовтың айтуынша, газетті тәркілеуге билік нұсқау берген. Ол бұл туралы пікірін Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, полиция газеттің жаңа басылған 7 мың данасын тасып бара жатқан көлікті тоқтатып, оны тапсыруды талап еткен. Кейін адам құқын қорғаушы топтар мен оппозициялық Социал демократиялық партиясының араласуымен газетті тасушылар полиция қамауынан босатылған. Бішкек полициясы бұл оқиғаға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG