Accessibility links

Алматы облысындағы су тасқынынан үш жарым мың адам зардап шеккен


Алматы облысының Ақсу ауданындағы су тасқынынан 3 767 адам зардап шекті деп танылды. Олар Қызылағаш, Ақтоған, Көлтабан, Егінсу және Құмтөбе ауылдарының тұрғындары.

Алматы облысы әкімшілігінің хабарлауынша, апаттан зардап шеккен 1 353 тұрғын Талдықорған және Текелі қалалары мен Ақсу және Ескелді аудандарына көшірілді.

Ресми мәлімет бойынша, апаттан 37 кісі қаза болды. Құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG