Accessibility links

АҚШ Ираннан саяси тұтқындардың барлығын босатуын талап етті


АҚШ иран билігінің маусымдағы президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы оппозициялық шерулерге қатысқан алты кісіні өлім жазасына кесу туралы шешімін сынға алды.

Американдық мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Филип Кроулидің айтуынша, Вашингтон Теһраннан ирандықтардың азаматтық құқықтарын сақтауын және түрмелердегі саяси тұтқындардың барлығын босатуын талап етті.

Иранда өткен жылы жазда билікке қарсы наразылық шерулері басталғалы бері қанша адам өлім жазасына кесілгендігі белгісіз болып отыр. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметтерінде осындай мазмұндағы 10 үкім шықты делінеді.
XS
SM
MD
LG