Accessibility links

Павлодарда балалар уланған балабақша уақытша жабылды


Павлодарда балалардың тамақтан жаппай улану жағдайы тіркелген балабақша уақытша жабылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қаладағы балабақшалардың бірінде үш пен бес жас аралығындағы 49 бала тамақтан уланып қалды. Науқастардың денсаулық жағдайы "орташа ауыр" деп бағаланды.

Интоксикация белгілері байқалған науқас балалар сейсенбі күні облыстық инфекциялық ауруханаға түскен. Олардың бәрі қаладағы № 53 балабақшадан екендігі анықталды.

18 бала ауруханаға жатқызылды, қалғандары стационарлық емнен бас тартты.

Санэпидембақылау қызметкерлері санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG