Accessibility links

Қырғыз оппозициясының құрылтайы болып өтті


Бішкекте қырғыз оппозициясын қолдаушылардың 3 мыңнан астам адам қатысқан халық құрылтайы болып өтті.

Жиналғандар қолдарына «Бәкиевтердің отбасылық-қылмыстық билігі кетсін!», «Билік, халқты тонауыңды тоқтат!», «Ар-ұждан тұтқындары босатылсын!» деген үндеулер көтеріп шықты.

Құрылтайда сөйлеген сөзінде оппозиция көсемдерінің бірі Өмірбек Текебаев «билікті өз қолына алу үшін» мемлекеттік билік мекемелерімен қарама-қатар құрылымдар құруды ұсынды және тегеуренді іс-әрекетке кірісуге шақырды.

Оппозициялық күштердің форумында электр қуатының тарифтерін төмендетуді, жекешелендірілген стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтаруды, оппозиция қайраткерлерін түрмелерден босатуды, конституциялық реформадан бас тартуды, Азаттық радиосының хабар беруін қалпына келтіруді талап ететін қарар қабылдады.

Құрылтай – Социал-демократиялық партияның кеңсесі маңында көшеде өтіп, ол маңайды бірнеше жүз полиция қызметкері қоршап тұрды.
XS
SM
MD
LG