Accessibility links

М.Ходорковский В.Путинді өзінің сотына шақырды


Таяуда ресейлік банкир әрі саясаткер Александр Лебедев сатып алған ағылшындардың «Индепендент» газеті «ЮКОС» мұнай компаниясының қазір түрмеде отырған бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийдің сұхбатын жариялады. Лондоннан тілшіміз хабарлағандай, өз сұхбатында Ходорковский Ресей премьері Владимир Путинге 4 сұрақ қойып, оларға Мәскеуде өтіп жатқан сот отырысында жауап беруге шақырады.

Оның мәлімдеуінше, сотта айыптаушылар оны «ЮКОС» компаниясын оның ресми басшысы ретінде емес, ұйымдасқан қылмыстық топтың көсемі есебінде басқарды деп айыптауда. Ол В.Путиннен: Сіз жеке өзіммен «ЮКОС»-тың проблемасын талқылағанда кіммен сөйлестіңіз? –деп сұрайды.

Екінші сұрағында Ходорковский: 2003 жылы сіз «ЮКОС»-ты жетістігімен құттықтағаныңызда, прокурорлар сияқты сіз де мені өз компаниясынан мұнай ұрлады деп санайсыз ба? –дейді.

2003 жылдың ақпанында, - деп қазіргі премьер-министр Путиннің есіне салады Ходорковский, - сіз «ЮКОС»-тың салық төлеуден еш проблемасы жоқ деп мәлімдегенсіз. Прокуратураның пікірі бойынша сіз төленбеген қандай салықты айтып отырсыз?

Ходорковскийдің төртінші сұрағында: мұнайдың әр тоннасынан «ЮКОС» сияқты мөлшерде салық төлеп келген «Роснефть» компаниясында салық мекемесінің шаруасы жоқ? –делінеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG