Accessibility links

Түркия 100 мыңдай армянды елден қуа алады


Түрік премьер-министрі рұқсатсыз жүрген барлық армян иммигранттарын елден қуа алатынын ескертті.

Реджеп Эрдоган егер ресми Ереван армян диаспорасына қаржылай көмегін доғармаса, онда Армениядан рұқсатсыз келген 100 мыңдай армян иммигрантының елден қуылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркияда 170 мыңдай армян тұрады, олардың 70 мыңы ғана түрік азаматы да, қалғандары Түркияда 10 жылдай заңсыз тұратын иммигранттар.

Түрік баспасөзінің хабарлауынша, бұл мәлімдеме АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының халықаралық істер комитеті мен Швеция парламентінде Осман империясы кезінде 1.5 миллиондай армянның қырылуын геноцид деп мойындау туралы қарар қабылдануына қайтарған жауап болды.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының халықаралық істер комитеті мен Швеция осындай қарар қабылдауынан кейін ресми Анкара кеңесу үшін Вашингтон мен Стокгольмдегі елшілерін кейін шақырып алды.
XS
SM
MD
LG