Accessibility links

Киев: Тимошенко балама үкімет құрды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко сәрсенбі күні журналистерге оппозициялық үкіметтің төрағасын таныстырды. «Көлеңкедегі кабинетті» Тимошенконың блогына жататын депутат Сергей Соболев бастады.

Оның қарсаңында оппозиция 16 министрден тұратын балама үкіметтің құрамын бекітті. Оның бірінші мәжілісін бір аптадан кейін өткізу жоспарланып отыр.

Юлия Тимошенко - өзінің президент сайлауындағы бақталасы Виктор Януковичтің президент болып сайланғаны жарияланған соң оппозицияға өтті. Тимошенко дауыс берудің ресми нәтижесін бұрмаланды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG