Accessibility links

Пәкістанда 5 АҚШ азаматы сотталады


Пәкістанда АҚШ-тың 5 азаматына терроризммен шұғылданды деген айып тағылды.

АҚШ-тың Вирджиния штатынан шыққан жас мұсылман 5 азамат та - өткен жылдың желтоқсан айында Пәкістанның шығысында ұсталды. Оларға содырлармен байланысып, Пәкістанда немесе өзге елде террористік қастандық жасауға әзірленді деген айыптар тағылды.

Егер АҚШ азаматтары айыпты деп танылса, оларға өмірлерінің ақырына дейін түрме жазасына кесілу қатері төнеді. Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG