Accessibility links

Қарағандыда мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды


Қарағанды облысында күшті желдің салдарынан 6 мыңдай тұтынушы жарықсыз қалды. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақпаратқа сәйкес, Ұлытау ауданында 17 наурызда соққан қатты желдің салдарынан 110 кВ жоғары кернеулі екі бағана құлаған. Нәтижесінде Ұлытау, Сарлық, Қорғасын, Сарытоған, Урожайный, Алғабас, Қаракеңгір елдімекендерінің алты мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды.
XS
SM
MD
LG