Accessibility links

Құсмұрын түрмесінің бастығы пара алған деген күдікпен ұсталған


Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді мекеніндегі түрменің бастығы және осы мекеменің шұғыл әрекет ету бөлімі бастығының орынбасары, қамауда отырғандар мен олардың туыстарынан заңсыз ақы талап еткен деген күдікпен ұсталған.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, түрме қызметкерлері биылғы жылғы 28 қаңтар мен 15 ақпан аралығында сотталғандардың туыстарынан үш теледидар, төрт үй кинотеатрын және екі ұялы телефонды, компьютердің мониторы мен 160 мың теңге көлемінде ақша алған деген күдікке қалып отыр.

Ұсталғандарға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Құсмұрын түрмесінде 2002 – 2005 жылдар аралығында оппозиция жетекшілерінің бірі Ғалымжан Жақиянов отырған еді.
XS
SM
MD
LG