Accessibility links

Ресейдің оңтүстігінде оппозиция мүшелері аштық жариялады


Астрахань қаласында бірнеше оппозициялық саясаткер мен журналистер аштық жариялап, Ресейдің оңтүстік аймағында оппозициялық белсенділердің қудаланауын тоқтатуды талап етіп отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі. Аштық акциясына қатысушылардың бірі депутат Олег Шейннің айтуынша, соңғы 6 айда Астраханда оппозициялық белсенділерге қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Бұл істердің бәрінің саяси астары бар дейді Шейн.

Аштық акциясын бастап отырғандар "Справедливая Россия", Коммунистер мен Ресейдің либералды демократиялық партияларының мүшелері боп табылады.
XS
SM
MD
LG