Accessibility links

Пәкістанда "Әл-Қаида" өкілі өлтірілді деп хабарланды


Вашингтоннан келіп түскен хабарларға қарағанда, Пәкістанның солтүстік-батысындағы АҚШ әуе шабуылында "Әл-Қаида" жетекшілерінің бірі өлтірілген. Хуссейн әл-Йемени өткен аптада Миран Шах қаласында өлтірілді деп хабарланып отыр.

"Әл-Қаиданың" жарылғыш заттар бойынша маманы Йемени желтоқсанның 30-да Ауғанстандағы Орталық барлау басқармасының бекетіне қарсы жанкештілік шабуылды жоспарлауда маңызды роль атқарған делінеді. Ол шабуылдан 7 барлау қызметкері мен иорданиялық офицер қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG