Accessibility links

Тәжікстан мен Түркіменстан бірнеше келісімге қол жеткізді


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз өткізді. Екі ел басшылары ынтымақтастық жөніндегі 6 келісімге қол қойды.

Бейсенбі күнгі баспасөз маслихатында Бердімұхаммедов: «Түркменстан мен Тәжікстан лаңкестік пен ұйымдасқан қылмысқа және есірткі тасымалына қарсы күресте белсенді ынтымақтастығын нығайтуға бел буып отыр. Мұндай ынтымақтастық аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін маңызды рол атқарады », - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG