Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда бес жасар бала безгекпен ауруханаға түсті


Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бес жасар бала қырым қанды безгегі аурын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, осы жағдайға байланысты дәрігерлердің консилиумы шақырылды.

Өткен жылы жазда Түркістан қаласында қырым қанды безгегінің жаппай таралу фактісі тіркелді. Бес кісі қаза болды. Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG