Accessibility links

Өртенген наркодиспансердің бас дәрігері төрт жылға сотталды


Талдықорғандық наркодиспансердің бас дәрігері төрт жылға, шаруашылық бөлімінің бастығы үш жылға сотталды деп хабарлады «Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі. Емдеу мекемесінде өткен жылы өрттен 39 науқас қайтыс болған еді.

Айыпталушылардың адвокаттары соттың бірінші инстанциясы шығарған үкімге шағым түсіруді көздеп отыр.

Диспансердегі өрт 2009 жылы 13-ші қыркүйекте тіркелді. Мемлекеттік комиссия төтенше оқиғадан адам шығынының көп болуына емдеу мекемесінен шығу көздерінің жабықтығы себеп болды деп шешті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG