Accessibility links

Google Қытайдан 10-шы сәуірге дейін кетуі мүмкін


Американдық Google интернет компаниясы биылғы жылдың 10-шы сәуіріне дейін Қытайдағы жұмысын тоқтатады. Интернет провайдердің бұл елдегі қызметтінің қанша бөлігі тоқтататылатындығы әзірге белгісіз.

Қытайлық баспасөздің хабарлауынша, компаниядағы дерек көзі дүйсенбі күні интернет-концерн өзінің Қытайдан шығуы мен қызметкерлерге төленетін өтемақы туралы жариялауы мүмкін деп мәлімдеген.

Биыл қаңтарда Google, қытайлық хакерлердің шабуылына тап болған соң, өзінің бұл елдің нарығынан шығуы мүмкін екендігін хабарлады.

Қытайда 384 миллион адам интернетті тұтынады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG