Accessibility links

Иранда бұрынғы вице-президент түрмеге жабылды


Иранның апелляциялық соты бұрынғы вице-президентті бір жылға түрмеге жабу жөніндегі үкімді сол күйінде қалдырды. Хоссейн Марашиге сайлаудан кейінгі толқулар кезінде Ислам республикасына қарсы насихат жүргізді деген айыптар тағылды.

Оппозициялық вебсайттар мен жартылай ресми "Фарс" агенттігінің хабарлауынша, Мараши наурыздың 18-де түрмеге жабылған.

Маусым айындағы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң елде жаппай наразылық шаралары өткен болатын. Осыдан кейін билік орындары оппозицияны қудалауын күшейтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG