Accessibility links

Оппозиция басшысы Иран үкіметіне қарсылығын жалғастыратынын айтты


Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусави жаңа жылда үкіметке қарсы тағы да наразылық шараларын өткізуге шақырып отыр. Парсы күнтізбесі бойынша сенбі күні басталатын жаңа жылға арналған мәлімдемесінде Мусави "жаңа жыл батылдық пен қарсылық көрсету жылы боп табылады" деп атап көрсеткен.

Мусави мен оппозицияның басқа да жетекшілері үкіметті маусым айындағы президент сайлауын бұрмалады деп айыптап, президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануын мойындамай отыр.

Сайлаудан кейінгі жаппай шерулерге байланысты мыңдаған наразылық танытушы қамауға алынған болатын. Қазір олардың 100-ден астамы әлі де түрмеде отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG