Accessibility links

АҚШ президенті Иран халқына жолдау жасады


АҚШ президенті Барак Обама Иран халқына видео жолдау арқылы қайрылып, ирандықтарды наурыз мерекесімен құттықтаған. Онда президент Обама Вашингтон мен Теһран арасындағы қайшылықтарға қарамастан, Құрама Штаттар ирандықтарға жақсы болашақ тілейді деді.

Американ президенті өз жолдауында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлі де дипломатиялық келісім мен диалогқа орын бар екенін айтты.

Обама сондай-ақ Теһранның ядролық жұмыстарынан бас тартпауына байланысты Құрама Штаттар халықаралық қауымдастықпен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкциялар енгізуі бойынша жұмыс жасап жатқанын айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG