Accessibility links

Таиландта үкіметке қарсы шерулер жалғасуда


Бүгін Бангкокта көліктерге мінген мыңдаған адам елдің басқа да азаматтарын үкіметті биліктен кетуге шақырған наразылық шарасына қатысуға үндеді.

Осы аптада таиландтықтар өздерінің донорлық қандарын үкімет қақпасы алдына төгіп, қазіргі билікке наразылықтарын білдірген.

Шеруге шыққандар қазіргі премьер-министр Абхисит Ветчачиваны билікті әскери төңкеріс арқылы басып алды деп айыптап, елден қуылған бұрынғы үкімет басшысы Таксин Чинаваттың қатысуымен жаңа сайлаулар өтуін талап етуде. Чинават бүгінде Дубайда эмиграцияда тұрады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG