Accessibility links

Словенияда Еуропа Одағы мен Балқан елдерінің саммиті ашылады


Бүгін Словенияда Балқан елдері мен Еуропа Одағының саммиті басталады. Бұл жиынның басты мақсаты – еуропалық интеграция жолындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау.

Бұл саммитке Косовоның тәуелсіз ел ретінде қатысуын қабылдамаған Сербия президенті Борис Тадич қатыспайды. Еуропа Одағына мүшеліктен үміткер Сербия мен қатар Ресей де Косово тәуелсіздігін мойындамайды.

Сербиядан 2008 жылы ақпанда бөлініп шыққан Косовоның тәуелсіздігін Еуропа Одағының бірқатар елдері мен АҚШ бастаған 60 шақты ел мойындады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG