Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Палестинаға барды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Палестина автономиясының жетекшілігімен келіссөздер өткізу үшін Рамаллаға барды.

Пан Ги мун Палестинаға Мәскеудегі сапарынан кейін барып отыр. Ол Ресейде Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздерге арағайындық жасаушы төрттік елдің отырысына қатысқан.

Арағайындық жасаушы елдер Израилдің Шығыс Иерусалимде еврейлер қонысын салу шешімін сынға алған.
Хабарларға қарағанда, БҰҰ-ның бас хатшысы жексенбі күні Израиль жетекшілерімен де келіссөздер өткізеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG