Accessibility links

British Airways қызметкерлері үшкүндік ереуілін бастады


British Airways әуе компаниясы ұшақ қызметкерлерінің үш күндік ереуіліне қарамастан, жұмысын жалғастырып отыр. Әуежолы компаниясы өзінің әріптестерін көмекке шақырып, ереуілге шыққандардың орнына жұмыс істеуді сұрады.

Ұшақ экипажы жалақы төлеуді қалпына келтіру мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. British Airways компаниясының айтуынша, бұл ереуілге байланысты бір мыңға жуық ұшақ рейстері кейінге қалдырылды.

Сарапшылар ұшақ рейстерінің тоқтауына байланысты әуекомпания 25 миллионнан аса фунт қаржысын жоғалтты дейді.
XS
SM
MD
LG