Accessibility links

Ердоған: армян мигранттарын елден шығару жоспарым жоқ


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған сенбі күні өзінің заңсыз армян мигранттарын елден шығару туралы жоспары болмағанын айтты.

Осының алдында түркиялық басылымдар мен құқық қорғаушы топтар Ердоғанды айыптап, үкімет басшысы осы аптаның басында Осман империясы кезінде қырылған армяндарды геноцид деп таныған батыстық қарарға жауап қайтармақшы деген.

Сенбі күні Ердоған өзінің Батыстағы армян диаспорасының ықпалымен жасалған геноцид қарарын айыптағанын айтты.

Осы айдың басында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы сыртқы істер жөніндегі комитеті 1-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде армяндардың қырылуын геноцид деп тану жөнінде қарарды мақұлдаған. Одан кейін өткен аптада ондай құжатты Швеция парламенті де қабылдады.
XS
SM
MD
LG