Accessibility links

Қазақстан: су тасқынынан автожолдарға 1,4 млд. теңге шығын келді


Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі елдің әр аймағында орын алған су тасқындары көптеген автожолдарды шайып кетіп, алдыңғы бағалаулар бойынша 1,4 миллиард теңге шығын әкелді деді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты жауған жаңбыр мен еріген қардан және Алматы облысындағы су бөгесіндерінің бұзылуынан су тасқыны орын алып республикалық деңгейдегі жолдарға да салдарын тигізді. Барлығы 27 аймақтағы жолға зақым келген.

Бүгінгі таңда оның 17-сі қайта жөндеуден өтіп, бес аймағындағы қозғалыс айналып өту арқылы жүзеге аса бастады. Тағы бес жол аймағында тазалау жұмыстары жүріп жатыр деді жексенбі күні көлік министрлігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG