Accessibility links

Ирақ президенті дауыстарды қайта санауға нұсқау берді


Бүгін Ирақ президенті Жалал Талабани елде наурыздың 7-де өткен парламенттік сайлаудың дауыстарын қайта санауға бұйрық берді. Бұл нұсқауда әділ әрі толық ашықтықты қамтамасыз ету үшін дауыстар наурыздың 21-нен қайта саналады делінген.

Талабанидің талабынан бір күн бұрын Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики елдің сайлау комиссиясын бірқатар саяси топтардың талабына жауап беруге шақырған. Әл-Мәлики өзінің жоғары басқарушы ретінде елдің саяси тұрақтылығын сақтау мен зорлық-зомбылықтардың алдын алуды қамтамасыз еткісі келетінін айтты.

Сайлаудың саналып біткен 93 пайыздық дауысының мәліметтеріне қарағанда, бұрынғы премьер-министр Аяд Аллавидің жақтастары әл-Мәлики блогын 8 мың дауысқа басып озған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG