Accessibility links

Пәкістанда тыңшылық жасады деп 4 адам жазаланған


Пәкістанның тайпалы Солтүстік Вазиристан аймағында Құрама Штаттарға тыңшылық жасады деген айыппен 4 адам өлтірілді.

Азаттықтың Машаал радиосы хабарлағандай, Мирали ауданының ресмилері ол төрт адам бір апта бұрын аймақтан ұрлап әкетілген деген. Олардың табылған денесінен АҚШ-қа тыңшылық жасағаны үшін деген жазу болған.

Сонымен қатар Пәкістанда белгісіз қарулы топ ұл балалардың екі мектебін бұзып, Бажаур тайпалы аймағындағы денсаулық мекемесін талқандаған.
XS
SM
MD
LG